МТРА жаңалықтары

Премьер-Министр дизель отынына қатысты жағдайды тұрақтандыруды тапсырды

 

Премьер-Министр дизель отынына қатысты жағдайды тұрақтандыруды тапсырды! Әлихан Смайылов мұндай жайт азаматтардың наразылығын тудырып отырғанын айтты. Мәселе егіс науқаны басталар алдында пайда болыпты. «Жанармай құю бекеттерінің иелерімен тиісті жұмыстарды жүргізу қажет. Бұдан азаматтар зардап шекпеуі керек», – деді Үкімет басшысы. Өз кезегінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов сұйықтыққа
жоғары сұранысты жабу үшін барлық ресурстардың бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауарын өнірушілер мен жанар-жағармай құю станцияларына бөлінетінін хабарлады. Өнеркәсіп орындары мен Қазақстан темір жолдарына отын қалдықтары екінші кезекте бөлінбек. Ал жетіспеген жағдайда қажетті көлем импортталмақ.

графика
БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ, ҚР Энергетика министрі:
Қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда, қазіргі баға – 230-260 теңге бойынша лимит тәулігіне 100 литр дизель отынын құрайды, жүк көлігі үшін – тәулігіне 300 литр болмақ. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемнен артық дизель отыны үшін тәулігіне 1 литр 450 теңгеден сатылатын болады.


Самал Жунусова