МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша өтініш қабылданып жатыр. 5-ші тамызда бастау алған тың жобаны іске асыру үшін 40 млрд теңге бөлініпті. Қомақты қаржы шамамен 1000 бірлік трактор мен комбайн сатып алуға бағытталмақ.

ГРАФИКА:
Бағдарламаның шарттары:
лизинг мерзімі -10 жылға дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-бен;
лизинг бойынша бастапқы жарна – 0%;
негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.

Диқандардың өтініші 5 жұмыс күнінің ішінде қаралады. Бағдарлама бойынша алғашқы техникаға қол жеткізген адамның есімі белгілі. Ол -Қостанай облысының тұрғыны. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 202 өтінімі қаралып жатыр. Олардың жалпы құны 15,4 млрд теңгені құрайды.


Байболат Култанов