МТРА жаңалықтары

622 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

1 тамыздағы жағдай бойынша 622 мыңнан астам отандасымызға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Тізімдегі отандастарымыздың 170 мыңға жуығы – 1 мен 6 жас аралығындағы балалар. Оларға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде топтама беріледі. Қаңтар айында Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаны көпшілікке жақсы мәлім. Соған байланысты өткен жылдың 4-ші тоқсанында мемлекеттік жәрдем алған азаматтарға төлем 2022 жылдың 1 тоқсанында автоматты түрде жасалды. Қазіргі таңда қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына барып немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы өтініш білдірулері қажет.


Алдияр Айтпаев