МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Бармақ басты, көз қыстылықпен күрес! Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын іске асыру аясында 15-ші тамыз күні елімізде «Әділдікті талап ет» республикалық жобасы бастау алды. Оның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Бұл бағытта “Әділдік жолы” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілдері ауқымды жұмыстың басын қайырғалы отыр. Олар жол құрылысы саласына басымдық беріп, заңның ала жібін аттаудың алдын алмақшы және бұзушылықтарды анықтамақшы.

АЙНАГҮЛ НҰРАХМЕТОВА, “Әділдік жолы” ҚБ СҚОФ жетекшісі:
– « Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі автожол саласын бекерден-бекер таңдап отырған жоқ. Бұл сала ел аузында. Отандастарымыз үшін 1 ай көлемінде 1463 қысқа нөмірі және Adildik.kz веб-сайт жұмыс істемек. Солар арқылы автожол салу, жөндеу ісіндегі күмәнді фактілерді хабарлауға болады.


Гульден Симбаева