Спорт

“Qyzyljar” ФК тағы да жеңілді

“Qyzyljar” футбол клубы тағы да жеңілді! Бұл жолы петропавлдық ұжым Қазақстан кубогы аясында қызылордалық “Kaisar”-ға есе жіберді. Кеше кешке сырт алаңда өткен матч 3 те 1 есебімен аяқталды. Жерлестеріміз сапынан жалғыз голды алғашқы таймда Максим Чиканчи соқты. Ендігі қарсыласымыз – елордалық “Астана”.
Қос команда ел чемпионатының 13-ші туры аясында тамыздың 21-і күні елордада мықтыны анықтайды. Кездесу 19:00-де бастау алады.


Байболат Култанов