Қазақстанда 1252 науқас коронавирустан сауығып шықты

COVID-19: Қазақстан

17:33 15 Тамыз 2022

Дегенмен Қазақстанда бір күнде, нақтырақ айтсақ, тамыздың 14-ші жұлдызында 1252 науқас коронавирустан сауығып шықты.

Тәж вирусынан айыққандардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Бүгінде еліміздің барлық облысы “жасыл” аймақта тұр. Алайда жағаны жайлауға жіберуге болмайды. Қазіргі уақытта 23 мыңға жуық отандасымыз қауіпті инфекцияға қарсы ем қабылдауда. 26 пациенттің жағдайы ауыр деген хабар бар. Ал 6 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Аққайыңдар өлкесіне тоқталып кетсек,
2 аптада 669 тұрғын Covid-19 жұқтырып алған. Ал соңғы 24 сағаттың ішінде 44 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.


Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз