МТРА жаңалықтары

“Жолда қабылдау” акциясы

“Жолда қабылдау”. Дәл осындай атаумен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында акция өтуде. Оны Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері ұйымдастырған.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғындар кез келген салық түріне қатысты туындаған сұрақтарына жауап ала алады. Мұнда жауапты органның 3 бірдей білікті маманы адамдарды қабылдауда. Олар таңертеңнен 20-дан астам жерлесімізге кеңес беріпті. 26 жастағы Юлия Сергеева мүмкіндікті құр жібермеді.

 Юлия Сергеева, қала тұрғыны:
– Мен көлігімді сатып жатырмын. Құжаттарды рәсімдеу үшін осында келдім. Мұнда мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары отырғанын естіп, жүгіндім. Оларға мемлекетке қандай көлемде көлік салығын аударам, қай аралықта өтеймін деген сауалдар қойдым. Сұрақтарға толық жауап алдым.

Мамандарға жүгінген петропавлдықтардың кейбірі жалпыға бірдей декларациялау жүйесі мен салық есептілігінің ұсыну мерзімдері туралы да сұрапты.

Дамир Байсалбаев, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:
– Аталған іс-шараның бас мақсаты – салық заңнамасының негізгі нормаларын түсіндіру. Келіп түскен сұрақтар көлік құралының салықтарын төлеу және есептеу бойынша. Мүлік салығына да қатысты сауалдар қойылды. 01:23 Көлік құралдары салығын төлеу мерзімі сәуірдің 1-інен кешіктірілмеуі тиіс. 02:02 Төлеу кешіктірілсе, салық басқармасы атқарушы органдарға салық бұйрықтарын жібереді.

Сондай-ақ, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері жеке тұлғаларға ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін мүлік салығын төлеу қажеттігін ескертеді.


Дана Ешкенова