МТРА жаңалықтары

Экстремизмнің алдын алу

Өңір полицейлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, тамыздың 2-сі мен 5-сі аралығында экстремизмнің алдын алу бойынша акция өткізді. Шара барысында мамандар сауда үйлерінде, адам көп жиналатын өзге де орындарда болып, арнайы жаднама қағаздарын
таратты. Мұндағы негізгі мақсат – діни материалдарды кез келген жерде сату және тарату заңсыз екенін түсіндіру. Құқық қорғаушылардың сөзінше, өңірімізде діни заттарды тек 16 жерден сатып алуға болады. Олар ғибадат орындары мен тиісті рұқсаты бар сауда нүктелері.

Гульден Симбаева