Спорт

Теріскейліктер Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

Солтүстікқазақстандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Кеше Түркия төрінде теріскейлік жеңілатлет Михаил Литвин атой салды. Ол 400 метрге жүгіруде Қазақстан рекордын жаңартты және алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін велошабандоз Артем Захаровтың жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгенін айта кетейік. Сонымен қатар, Анадолы еліне өңірімізден еркін және грек-рим күресінің шеберлері Нұрқожа Қайпанов пен Аманғали Бекболатов аттанды. Жалпы, дүбірлі додада 56 елден барған 4200 адам бақ сынауда. Қазақстан намысын 125 спортшы спорттың 16 түрінен қорғайды.


Гульден Симбаева