МТРА жаңалықтары

Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні

Жаңа мектеп, тұрын үй, саябақтар пен жолдар. Облыс орталығы күн санап құлпырып келеді. Қаламыздың дамуына көппен бірге құрылысшылар да сүбелі үлес қосуда. Бұл жандар тура 3 күннен кейін өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтпек. Виктор Царик жауапты салада
20 жылға жуық уақыт еңбек өтеді. Ол механизатор. Яғни, құрылыс алаңында техникамен жұмыс істейді.

ВИКТОР ЦАРИК, «Основание» ЖСШ механизаторы:
– Оқуды бітірген соң қалаға көшіп келдім. Жұмыс табу қиын болды. Екі қолға бір күрек таппай жүргенде «Основание» серіктестігі жайлы естіп, осында орналастым. Міне, содан бері 19 жыл уақыт өтті. Інім де осында істейді. Жақында баламды да қатарға қостық.

Әке көрген оқ жонар. 19 жастағы Сергей Царик нысан тұрғызуға бала күннен жақын. Бүгінде ол қаламыздағы жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде оқиды. Дей тұрғанмен, 2 жылдан бері «Основание» серіктестігінде еңбек етеді. Мұнда біраз тәжірибе жинапты. Болшақта өзінің құрылыс компаниясын ашқысы келеді.

СЕРГЕЙ ЦАРИК,
– Петропавл тұрғындарына үй салып жатқаныма қуаныштымын. Болашақта бұл ғимаратты көргенде “мен салдым” деп мақтанатын боламын. Келесі жылы оқу бітіремін. Алдағы уақытта аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындырғым, елге пайдамды тигізгім келеді.

«Основание» серіктесігінің директоры Сергей Тимофеев жас құрылысшы оқуын бітіргесін қуана жұмысқа аламын дейді.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, «Основание» ЖШС директоры
– Бірінші болып бізге Виктор Царик келді. Ол өз ісінің шебері десем болады. Інісі де білікті маман. Оны құрылыс саласындағы біраз адам таниды. Ал Сергей Царик бізде 2-ші жыл жұмыс істейді. Жас құрылысшы айтқанды тез ұғып алады. Келесі жылы оқуын тәмамдаған соң жұмысқа аламын. Жасыратыны жоқ, қазір жастар құрылыс саласынан қашады. Ал Сергей ондай емес, ол еңбекке құштар.

Қазіргі уақытта серіктестікте 250 адам еңбек етуде. Бұл компания тек құрылыспен емес, бетон, терезе және витраж жасаумен де айналысады екен.


Самал Жунусова