МТРА жаңалықтары

СҚО-ға “Атамекен” ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов келді

Облысқа жұмыс сапарымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов келді. Ол шаһардағы ірі өндіріс орындарын аралауда. Бүгін түстен кейін Петропавл электр техникалық зауытында болды. Кәсіпорынмен аймақ басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Здесь у нас ещё с Советского периода территории, которые, к сожалению, не работают. Вот здесь собирают «Уралы».  Конечно, для этих территорий нужно серьёзное производство.

Райымбек Баталовқа зауыттың инвестициялық бағдарламасы да ұнады. Кәсіпорын алдағы уақытта аумағы мен жасалатын өнім тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Келер жылдың өзінде-ақ бұл маңда электрқалқан шығаратын өндіріс ошағы ашылады. Ол үшін 5 гектар жер бөлініпті.

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:
– Зауыт өнімнің 90 пайызын экспорттайды екен. Бұл қуантарлық көрсеткіш. Кәсіпорын басшылығының әлеуметтік жауапкершілігін бөлек атап өту қажет. Тұрғын үйлер салып, жұмысшыларға жағдай жасап жатырмыз дейді. Шаруаға көңілім толды.

Райымбек Баталовтың айтуынша, біздің өңір бизнес пен өнеркәсіпті дамыту үшін орасан зор әлеуетке ие.

Самал Жунусова