МТРА жаңалықтары

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты. Президентке ведомство басшысы 4 негізгі бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған. Оның алғашқысы – мәдениет пен өнер саласы. Бұл секторда негізгі күш баспа өнімдерінің, соның ішінде балалар әдебиетінің бәсекеге қабілетін арттыруға, сондай-ақ жазушыларды қолдауға бағытталыпты. Ел спортшыларын алда халықаралық ірі жарыстар мен 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Кездесуде дайындық мәселесі талқыға салыныпты. Бұдан бөлек, жүздесуде туризм мен архив саласы да қаузалған.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
– Біздің есебіміз бойынша биыл ішкі туристердің саны 8 млн асады. Осы себепті инфрақұрылымды дамытуға, сервисті жақсартуға нақты тапсырмалар берілді. Одан басқа архив саласы бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды да баяндап бердім.

Байболат Култанов