МТРА жаңалықтары

Қазақстанда 7 айда 1400-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын да қабылдады. Екеуара өткен кездесуде Олжас Бектенов статистиканы тілге тиек етті. Оның сөзінше, соңғы 7 айда Қазақстанда 1400-ден астам бармақ басты, көз қыстылық қылмысы тіркелген. Ал заңның ала жібін аттаған адамдардың саны 900-ге жуықтайды. Жүздесуде агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да баяндады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке бірқатар тапсырма берді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
– Біз Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының жұмысын талдадық, сондай-ақ, мемлекеттік қорғаныс тапсырыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтадық және тиісті құзыретті органдарға ұсыныстар жібердік. Мемлекет басшысы менің баяндамамды тыңдап, агенттіктің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Байболат Култанов