МТРА жаңалықтары

Ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Петропавлда жыл басынан бері ата-ана міндеттерін орындамаудың 110 фактісі тіркелген. Міндеттен қашқан жандарға шара қолданылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда ата-ана құқығынан айыру бойынша 22 әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберіліпті. Құжаттардың арасында 39 жастағы нәзікжандыға қатысты іс те бар. Ол 8 жастағы қызының көзінше ішімдік ішіпті. Бұл жайлы учаскелік инспекторға көршілері хабарлаған. Құқық қорғаушы ащы суға құмар қала тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Полиция қызметкерлері оқу жылына 1 айдай уақыт қалғанын, жаңа маусымға балалар моральдық және психологиялық тұрғыда дайын болуы қажеттігін еске салады.

Гульден Симбаева