МТРА жаңалықтары

7 ай ішінде 123 тұрғылықты жері жоқ адам есепке қойылған

Қалалық полиция басқармасына қарасты қабылдап-тарату орнының қызметкерлері тұрғылықты жері жоқ адамдарды іріктеу бойынша күнде рейд жүргізеді. Олар жертөлелерге, жылу трассалары мен өзге де орындарға барады.

ЛЮФТ:

– С дядькой поругался? – А что, обязательно пить надо? – Много выпил? – Всё, поехали в приёмник-распределитель. – Ну, личность устанавливать, документов же нет у вас. 

Жеткізілген тұлғалар қабылдап-тарату орнында жіті тексеріледі. Олар із-түссіз жоғалғандардың немесе іздеу салынған қылмыскерлердің тізімде болуы мүмкін.

ЛЮФТ:

– У меня документов сейчас нет, у меня только справка есть об освобождении, потому что я только недавно освободился.  Ну, документы собираетесь делать? – Конечно! Ну, спецотдел это делает. И прокуратура – под контролем.

Қаңғыбастар аулаларда, ойын алаңдарының маңында немесе басқа да қоғамдық орындарда жүріп, жұртшылықтың мазасын алса, қауіп төндірсе, «102» арнасы арқылы полиция қызметкерлеріне хабарласа аласыздар. Шақырту бойынша қабылдап-тарату орнының қызметкерлері келеді. Олар тұрғылықты жері жоқ адаммен әңгіме жүргізеді, қажет жағдайда өздерімен алып кетеді.

ӘСЕЛ АХМЕТОВА, қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының қызметкері
– 7 ай ішінде 123 тұрғылықты жері жоқ адам есепке қойылды. Олардың жартысы – 30 бен 44-тің аралығындағы жандар. Бұдан басқа, ҚР 235 азаматы «Қаңғыбастыққа бейім тұлға» санаты бойынша есепке қойылған. Барлығының тұлғасы анықталып, саусақ іздері алынды, «Образ++» деректер базасындағы фото-бейне есебіне қойылды. 

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері жоқ адамдарға қатысты мәселе туындаса, 52-92-99 телефон нөмірі бойынша да қоңырау шалуға болатындығын хабарлайды.

Гульден Симбаева