Мәдениет

Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған іс-шара

Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына орай Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында поэзия сағаты өтті. «Әр өлеңі-бір әлем» атты шараға қатысушылар ғұламаның өлеңдерін, қара сөздерін оқыды. Ақындар жағы өз туындыларын паш етті. Домбырамен ән де шырқалды.
Ортада дәстүрлі әнші Амангелді Рамазанов Абайдың “Сегіз аяқ” әнін орындауда. Кештің мақсаты – Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттай отыра қоғамдағы рухани мәдениетті байыту, балаларды өнерге, білімге баулы. Көпке мәлім, бас ақынның 170-тен астам өлеңі, 3 поэмасы және 45 қарасөзі бар. Еңбектер орыс, қытай, француз және тағы да бас тілдерге аударылған.
АМАНЖОЛ ЗАҒЫПАР, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері
– Бұл кешке кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, ақсақал ағаларымыз қатысуда. Сонымен қатар, Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін жатқа оқудан орын алған оқушылар ат салысуда. Мұндағы оқушылар мен ақындардың барлығы – кітапхана ішіндегі “Жас қаламгер” клубының мүшелері.
Шараға қатысушы ағалардың бірі – Жапар Төлегенов. Әдебиетсүйер жерлесіміз қазіргі жастардың кейбірі Абайдың өлеңдерін мүлде білмейді деп қынжылады.
ЖАПАР ТӨЛЕГЕНОВ 
– Абайды кішкентай кезімнен оқыдым. Әкемнің 2 көзі болмады. Бізге кітап оқытатын. Қарасөздердің бәрін жатқа білетін.
«Әр өлеңі-бір әлем» атты поэзия сағатына қатысушылар арнайы көрмеде Абай Құнанбайұлының еңбектерімен және бас ақын жайлы жазылған кітаптармен де таныса алды.