Мәдениет

Абай Құнанбаев пен Бәйкен Әшімовтің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

 

Қаламыздың басты алаңында «Көзімнің қарасы» әні ойнап тұр. Бүгін – бұл тамаша туындының авторы Абай Құнанбаевтың туған күні. Ақын, ағартушы, ойшылдың дүние есігін ашқанына тура 177 жыл. Атаулы датаға орай шаһар тұрғындары мен қонақтары “Абай және Пушкин” ескерткішінің маңына жиналды.

Иісі қазақтың бойтұмарына айналған Абайға құрмет көрсету – кейінгі буынның міндеті. Ақынның туған күнінде жиналған қауым дәстүрге сай ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев та қатысты. Қатарда жастар да бар. Олар әр адам тау тұлғаның рухани бай мұрасын бойға сіңіру қажет деп санайды.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
–  Қазақта “Қазақты танығын келсе, Абайды оқы” деген сөз бар. Біздің тарихымыз, қазақы өмір Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” кітабында бар. Жастарды Абайды оқуға шақырамын.

Ал жастар Абайды біледі. Олар ақынның шығармашылығымен де таныс.

БЛИЦ:
қаз: 191, 00:23-00:47 Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Оның алғаш кітабы 1909 жылы жарық көрген. 170 өлеңі бар.
ауд: 188, 00:34 Тарих ұмытылса, құндылықтар жойылады. Өзім Ресейде ұзақ жыл тұрсам да, қазақ халқының ұлы тұлғаларын ұмытқан жоқпын. Үнем айтып жүрем.

Тамыздың 10-шы жұлдызында тағы бір тау тұлға өмір есігін ашқан. Бүгін – Кеңес одағының саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің туғанына 105 жыл. Осыған орай теріскейліктер атақты жерлесіміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Көпшіліктің арасында Бәйкен Әшімовті көрген, табақтас болған жандар бар. Спартак Рамазанов қайраткермен бірнеше рет жүздесіпті.

СПАРТАК РАМАЗАНОВ, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:
– Алматы қаласында кездестім. Ағамыз жастарға үлгі деп ойлаймын.

ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, СҚО Азаматтық альянсының төрағасы
–  Барлығымыз өткен тарихтан тәлім алуымыз қажет. Бабаларды ұмытпау керек. Осы мақсатта халық ескерткіш маңына жиналуда. Ағамыздың жасаған еңбегі өте зор.

Айта кетейік, Петропавлда Бәйкен Әшімовке арналған бюст осыдан 2 жыл бұрын ашылды.

Байболат Култанов