Мәдениет

Жерлесіміз Бәйкен Әшімовтің туғанына – 105 жыл

 

Бәйкен Әшімов – еліміздің мәдени дамуына баға жетпес үлес қосушы, халқымыздың мақтанышы, ұлт ақсақалы. Биыл теріскей жерінде өмір есігін ашқан көрнекті қоғам қайраткерінің туғанына – 105 жыл. Атақты жерлесіміз 1917 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Шабақбай елді мекенінде дүниеге келген. Білімге құштар жас 15 жасында Петропавл қаласындағы темір жол училищесіне түседі. Сонда лблыс орталығына 150 шақырым жердегі ауылынан жаяу келіпті.

АНАТОЛИЙ ФУРМАНЮК, Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің директоры
 – Колледж 2017 жылдың сәуір айынан бастап Социалистік еңбек ерінің есімімен аталады. Бізде оқу орнының қалыптасу тарихы, Бәйкен Әшімовтің өміржолы жайлы іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Оларға студенттер белсенді түрде қатысады. Өткізілетін жиындар әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланады.

 

Ал, бұл – облыстық тарихи өлкетану мұражайы. Мұнда өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болатын Бәйкен Әшімовтің фотосуреттері, құжаттары мен еңбектері сақтаулы тұр. Туындылардың арасында қоғам қайраткері жайлы жазылған кітаптар да бар. Соның бірін – «Бәке жолы» лирикалық поэмасы. Оны қазақ поэзиясының жезкиігі саналатын Кәкімбек Салықов жазыпты.

САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері.
 – Бәйкен Әшімовтың шағармашылығына келетін болсақ, ол осы «Ел сенімі – ең қымбаттың» кітабын жазған. Бұл кітаптың мазмұнына үңілетін болсақ, елді басқару биік өнер, басты міндет екенін ұғынамыз. Бәйкен Әшімовтың өмір жолына қызығушылық танытқан азаматтар өте көп.

Біреу білсе, біреу білмес, 2015 жылы Есіл ауданы Покровка ауылындағы Ауыл шаруашылығы колледжінің аумағында Байкен Әшімовке арналып мемориалды тақта орнатылды. Ал араға 2 жыл салып Петропавлда бюст ашылды.