Мәдениет

Университет қабырғасындағы “Абай орталығының” жұмысы

 

Абай-дана, Абай-дара қазақта! Ертең ұстаз, бас ақын, атақты ағартушының дүние есігін ашқанына 177 жыл толады. Атаулы дата қарсаңында арнаның түсірілім тобы университат қабырғасында жұмыс істеп тұрған “Абай орталығында” болды. Мұнда қазір баға жетпес туындылар бар. Оларды парақтаған жан рухани азық алады.

Жазира Көкбас, Қозыбаев университеті ғылыми-әдістемелік “Абай орталығының” ғылыми қызметкері
– Бұлар – тың материалдар. Олар студенттерге баяндама, реферат, курстық жұмыс жазуда көп көмегін тигізеді. Біз білім мен ғылымды кітаптап табамыз.

Студенттер жиі бас сұғатын орталықтағы кітаптар елордадан жеткізіліпті. Туындыларды қара шаңыраққа Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері сыйға тартқан екен.

Жазира Көкбас, Қозыбаев университеті ғылыми-әдістемелік “Абай орталығының” ғылыми қызметкері
–  Абайдың әр жазғанында ақыл тұр, нақыл тұр. Жастардың өсіп-өнуіне септігін тигізетін көптеген сөздері бар.

Бас ақынды тану, көпшілікке таныту – жастардың міндеті. Сол себепті бүгінгі таңда жергілікті университет қабырғасында “Абайтану” пәні оқытылады.


Дана Ешкенова