МТРА жаңалықтары

Түнгі тыныштықты бұзу бойынша маңнан астам қоңырау түскен

Өткен аптада түнгі 2 шамасында Уәлиханов көшесіндегі аулалардың бірінде адамдардың шулағаны жайлы полицей қызметкерлеріне хабар түседі. Оқиға орнына жеткен мамандар 4 ер адамды анықтайды. Олардың бірі шайтан суды шамадан тыс қабылдап, шу шығарған. Жұрттың мазасын алған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан бері полицейлер облыс орталығында түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі бойынша 1171 қоңырау қабылдаған. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері 22:00-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00 таңғы 10-ға дейін шулауға тыйым салынады.


Гульден Симбаева