Есірткі сатумен айналысқан петропавлдық 11,5 жылға сотталды

МТРА жаңалықтары

18:21 9 Тамыз 2022

 

Өткен жылдың қыркүйек айында полицейлер қаламыздағы «Тайга» сауда үйінің маңында 35 жастағы петропавлдықты қолға түсірді. Ол шамамен 2 келіге жуық гашиш сатпақ болған. Ал көлікті тінту кезінде салоннан ірі көлемде ақша табылған.

ЛЮФТ: Также 10 тыс тенге достоинством купюры. 

Қолға түскен ер адам бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталыпты. Алайда, заңның ала жібін аттауды қоймаған. Ол есірткі сатуды бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындалғаннан кейін бастаған екен. Сот үкім шығару кезінде мұны да ескерген.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі
–  Қазір ұсталған адам жазасын өтеуде. Ол 11 жыл 6 айға қамалды.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткі сатумен айналысқан 22 адам сотталыпты. Ауыр қылмысқа барғандардың барлығы ұзақ жылға темір торға қамалған.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі
–  Жыл басталғалы өңірде есірткі өткізу бойынша 46 факті тіркелді. Олардың 27-сі ауыр қылмыс болып саналады. Заңсыз айналымнан 30 кг астам түрлі есірткі заты алынды.

Полицейлер облыс тұрғындарына сенім телефоны барын еске салады: 39-72-16. Тұрғындар осы нөмір арқылы заң бұзушылық туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларымен Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі аккаунты немесе «102» арнасы арқылы хабарласуға болады.


Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Достық үйінде Президент Жолдауы талқыланды
Новости МТРК 20.09.22
МТРК жаңалықтары 14.09.2022
МТРК жаңалықтары 05.09.2022