Спорт

Солтүстікқазақстандық палуандар Ислам ынтымақтастық ойындарына аттанды

2 солтүстікқазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатысады.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, додада еркін және грек-рим күресінің шеберлері Нұрқожа Қайпанов пен Аманғали Бекболатов бақ сынайды. Бөлісе кетейік, дәстүрлі Ислам ынтымақтастығы ойындары тамыздың 9-ы мен 19-ы аралығында Түркияның Конья қаласында өтеді. Оған 54 елден келетін 3,5 мыңға жуық спортшы қатыспақ. Олар спорттың 23 түрінен сынға түседі.


Самал Жунусова