Спорт

“Qyzyljar” ФК тағы да жеңілді

“Qyzyljar” футбол клубы тағы да жеңілді! Бұл жолы жергілікті ұжымның екінші құрамы Қазақстан кубогы аясында ақтаулық “Caspiy”-ге есе жіберді. Жексенбінің кешінде Қарасай стадионында өткен матч 1 де 3 есебімен аяқталды. Кездесуге қысқаша тоқтала кетейік. Теріскейліктер алғашқы таймда алға шықты. Қарымта шабуылдардың бірінде қарсылас жақтың ойыншысы өз қақпасына гол соғып алды. Есесіне қонақтар кездесудің келесі бөлігінде күшке мініп, футбол тілімен айтқанда камбэк жасады. “Qyzyljar”-дың негізгі құрамы қазір елордада жаттығып жатыр. Алдағы бейсенбіде, яғни, тамыздың 11-ші жұлдызында солтүстікқазақстандық жігіттер “АПОЭЛ”-ге тағы бір мәрте қарсы тұрады. Естеріңізде болар, қос ұжым арасындағы бірінші ойында 1 де 0 есебімен кипрліктер басым түсті. Алайда, нақты жеңімпаз осы аптада бас қалада анықталмақ. Шешуші матч 19:30-да басталады.

Байболат Култанов