МТРА жаңалықтары

Қопайда 10 көпқабатты үйдің құрылысы басталды

 

Петропавлдағы “Қопай” шағын ауданында 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. “Тұрғын жайларды келесі жылы тапсыру жоспарланып отыр”,- деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жаңа нысандарды салу үшін 16 ескі баспана сүріліпті. Олардың иелеріне жайлы пәтерлер берілген екен. Алдағы уақытта “Қопайда” 185 жер үй мен 5 қос қабатты нысан сүрілмек. Босаған аумақта 29 көпқабатты үй, мектеп пен емхана бой көтереді. “Береке” шағын ауданы да құлпыра түседі. Мұнда жыл соңына таман кезекте тұрған әлеуметтік осал санаттағы 600 адам қоныс тойын тойлайды.


Гульден Симбаева