МТРА жаңалықтары

Әкімдіктер халықты жұмыспен қамту деңгейі бойынша сын астында қалды

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әкімдіктерді жұмысқа орналасудың төмен деңгейі үшін сынға алды. Арнайы өткен жиын барысында ведоства басшысы жергілікті атқарушы органдарға халықты ақпараттандыру және екі қолға бір күрекпен қамту бойынша шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Бүгінде электрондық еңбек биржасына 2 мыңнан астам жоба орналастырылған. Солардың арқасында 43 мың жаңа жұмыс орны пайда болыпты. Алайда, оның тек 11 мыңына кадр табылған. Айта кетейік, қазіргі уақыта еліміздің жұмыспен қамту орталықтарында 118 мың жұмыссыз адам тіркеуде тұр. Іс-шара соңында әкімдіктерге жұмысқа орналасудың төмен деңгейінің себептерін анықтау тапсырылды.


Алдияр Айтпаев