МТРА жаңалықтары

Тамыздың 5-і – отандық Медиация күні

Тамыздың 5-і – отандық Медиация күні.

Аққайыңдар өлкесінде бұл институт 2016 жылы белсенді дами бастады. Қазір өңірде қос тарапты табыстырып, бітімгерлікке шақыратын 200-ден астам медиатор бар. Олардың басым бөлігі – жоғары білімі бар кәсіби мамандар.

ГАЛИНА ПЕХОТИНА: “Дәстүрге сай біз медиация күні Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында ашық есік күнін өткіземіз. Іс-шара барысында жергілікті медиаторлар азаматтарды қабылдап, кеңес береді. Тәжірибе көрсеткендей, қазір адамдардың дені отбасылық және кәсіпкерлік мәселелер бойынша жүгінеді”.

Қазіргі күні облысымызда 14 медиация кабинеті бар. Оның біреуі шаһардағы Достық үйінде орналасқан. Қалған 13-і аудандарда жұмыс істеп тұр. Сала өкілдерінің сөзінше, соңғы уақытта өлкемізде бірден сотқа емес, медиаторлардың көмегіне жүгінетін азаматтардың саны артқан.


Дана Ешкенова