МТРА жаңалықтары

Салт атты полицейлер саяжайларды бақылауда

 

Саяжайлардағы қоғамдық тәртіпті сақтау, ұрлықтың алдын алу – полиция батальонына қарасты кавалерия бөлімшесінің негізгі міндеті. Қазіргі таңда патрульдеу Новопавловка ауылының маңында қыза түскен. Күзге таман мұнда жазғы үйлерден арнайы техника мен олардың қосалқы бөлшектері, ал бақшадан жеміс-жидек пен көкөніс ұрлануы әбден мүмкін. Сол себепті жылқы тізгіндеген қырағы мамандар бақылауды күшейткен. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті де басты назарда ұстайды. Олар саяжайда тыныштықты бұзу фактісі тіркелсе, жауапты тұлғаларды жазаға тартады. Жалпы, қазір кавалерия бөлімшесінде 13 Қамбар ата төлі бар екен. Салт атты полицейлер тұрғындарды қандай да бір бұзушылық тіркелсе, «102» арнасына дереу хабарлауға шақырады.


Гульден Симбаева