ТЖ

Петропавлда 25 жастағы жігіт суға батып кетті

Жыл басталғалы 5 солтүстікқазақстандық суға батып кеткен. Ажал құшқандардың біреуі бала. Мамандар көп жағдайда белгіленбеген жерде шомылудың арты қайғылы аяқталады дейді. Алайда соңғы жағдай кеше Пестрое көлінде, көпшіліктің көзінше орын алды. Мұнда 25 жастағы жігіт жалға алынған катамараннан құлап кеткен.

МАРАТ МҰРАТОВ – СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
–  Жігіттер жағадан 8 метр жерге кетіп қалған. Алғашында марқұмды 2,5-3 метр тереңдіктен қасындағы достары құтқармақ болыпты. Олар еш нәтиже шықпаған соң құтқарушыларды шақыртады. Оқиға орнына кеш жеткен мамандар жігіттің денесін судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бірақ, азамат есін жимайды. Катамаранды жалға берушілер клиенттерін құтқару құралдарынсыз суға жіберген. Қазір осы жайт тексеріліп жатыр. Алайда, ол кәсіпкерлерді біз қадағалай алмаймыз. Сондықтан іске көлік инспекциясы кірісетін болады.


Байболат Култанов