Құқық қорғау қызметкерлерінің арасында сайыс өтті

Спорт

18:58 5 Тамыз 2022

Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында “Динамо” стадионында жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Қатысушы – 12 команда. Әр ұжымның намысын 30 жасқа дейінгі және одан жоғары ерлер мен әйелдер қорғады.

Ілияс Оразбаев, Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы
– Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті жеке құрамы арасында жүгіруден спорттық іс-шара өткізілді. Дене-шынықтыру және спорт қоғамының және арнайы жұмылдыру даярлығы басқармасы осы шараны ұйымдастырушы болып табылады.

Әйелдер арасында бірінші болып Татьяна Долбышева мәреге жетті. Ол белгіленген қашықтықты 6 минут, 10 секундта еңсерді. Ерлер арасында үздік нәтижені Игорь Друз тіркеді. Ал 30 жасқа дейінгі қыздардың барлығын Дарина Бильденова артқа тастады. Жігіттерден Нариман Тәшімовке тең келер ешкім табылмады.

Айбын Исмағұлов, Мамандырылған күзет қызметі басқармасының аға инспекторы
– Бүгінгі шараға байланысты айтарым, жастарды, келешек ұрпақты спортқа баулы қажет. Спорттың денсаулыққа пайдалы екенін айтқым келеді. Өзім әр жыл сайын осы шараға қатысып отырамын. Нәтижем жаман емес.

Жалпы қорытындыға келейік. Бірінші орынды облыстық полиция департаменті аппаратының командасы иеленді. Ал екінші сатыға Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері жайғасты. Үздік үштікті Тайынша ауданының полиция бөлімі тұйықтады. Жүлдегерлер кубок, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Гульден Симбаева

Бұдан әрі оқыңыз

«Ринг патшасы-2022» турнирі өз мәресіне жетті
Спортқа жақын ауыл тұрғындарына арналып футбол алаңы салынды
Саумалкөл ауылында көпсалалы спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті
Төтенше жағдай қызметкерлерінің арасында чемпионат өтуде
Балуандар Белградта бақ сынайды
“Отан-2022” әскери спорттық жарысы өтті
“Quanish” волейбол клубына ойыншылар қосылды
“Qyzyljar” ФК жеңіске жетті
Жасыл алаңдағы жолдастық кездесу
«Qyzyljar» ФК сырт алаңда жеңілді
Жерлес спортшы Еуропа чемпионатының жүлдегері атанды
СҚО-да самбо дамып келеді