Спорт

Тарихи матчты жіберіп алмайық!

Бүгін солтүстікқазақстандық “Qyzyljar” футбол клубы кипрлік “АПОЭЛ”-мен күш сынасады. УЕФА Конференция лигасы аясындағы тарихи матч Кипр астанасы Никосия қаласындағы ГСП стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Қос ұжым арасындағы алғашқы ойынды “Qazsport” арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге жанкүйер болайық!


Алдияр Айтпаев