МТРА жаңалықтары

СҚО-да 20-тамызда егін жинау науқаны басталады

 

Облыста егін жинау науқаны 20-шы тамызда басталады. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қазір маңызды науқанға қызу дайындық жүріп жатыр. Техникалардың бәрі сақадай-сай. Күзгі ораққа 7300 комбайн, соның ішінде өнімділігі жоғары 3800 жаңа техника қатыспақ. Айта кетейік, биыл аймақта 4,4 млн га жерге дән сіңірілді. Оның ішінде 3,1 млн га – бидай, 1 млн га – майлы дақыл, қалғаны – дәнді-бұршақты дақылдар. Үстіміздегі жылы күнбағыс алқабы шамамен екі есе ұлғайып, 119 мың гектарға жеткен. Сондай-ақ, 66 мың га жасымық егілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2 есе көп. Бейінді басқарма тарапынан диқандар үшін арзандатылған бағамен 78,5 мың тонна дизель отыны бөлініпті. Аграрийлер жанармайдың 1 литрін 219 теңгеге сатып алмақ. Элеваторлар мен қамбалар да жаңа өнімді қабылдауға дайын тұр. Жалпы сыйымдылық 6,6 млн тоннаны құрайды.


Бердимурат Баймухан