МТРА жаңалықтары

Көптен күткен жол

Көптен күткен жол! Петропавлдағы Алтынсарин көшесіне асфальт төселді. Бұрын жаңбыр жауғанда немесе қар ерігінде бұл жермен жүру мүмкін емес еді. Саз толарсақтан келді. Міне, барлығы өзгерді. Енді тақтайдай тегіс жолмен балалар еш қиындықсыз балабақша мен мектепке, ал ересектер жұмысқа бара алады. “Көшемізді танымай қалдық”,- дейді тұрғындар.

ҚҰРМАНҒАЛИ АҚПАН, қала тұрғыны
–  Көшеміздің көркейгеніне қуаныштымын. Енді батпақ баспай жүретін боламыз. Бәріміз ризамыз!

ТАНЗИЯ ХАМИТОВА, қала тұрғыны:
–  Бұл жерде бұрыннан тұрамын. Көшеміз осылай алғаш рет жөнделіп отыр. Балаларымыз таза жолмен мектепке баратын болды. Велосипедпен де еркін жүруге болады.

Алтынсарин көшесіндегі жұмыс өткен жылдың күз мезгілінде басталыпты. Тақтайдай тегіс асфальт төселген жол 1 шақырым 700 метрді құрайды. Шаруаға болыстық бюджеттен 280 млн теңге бөлінген. Ал жобаны әзірлеуші – жергілікті ППО «Готика» серіктестігі.

ОЛЬГА ПРУДОВИКОВА, ППО «Готика» ЖШС директоры
–  Жол бойында ойық та, қиыршық тас та жоқ. Бұл жұмыстың сапалы жүргізілгенін білдіреді. Істің нақты қорытындысын білу үшін арнайы сынама да алынды. Олар сертификатталған зертханада тексерілді. Олқылық анықталмады.


Самал Жунусова