МТРА жаңалықтары

Қазақстанда киім-кешек пен аяқ-киім 10% қымбаттады

Биыл елімізде киім-кешек пен аяқ-киім 10%-ға қымбаттаған. Соңғы айдағы статистикаға сүйенсек, өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында теріс динамика айқын байқалады. 1 айда аймағымызда киім-кешек пен аяқ-киім бағасы 3,5% жоғарылапты. Ал республикалық өсім көрсеткіші 1,4% құраған. Аққайыңдар өлкесінен кейінгі сатыда Маңғыстау мен Қызылорда облыстары тұр. Ал ең арзан тауар Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында сатылады.


Бердимурат Баймухан