Денсаулық сақтау

Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша 58-орынға тұрақтады

 

Денсаулық сақтау деңгейі бойынша елдердің рейтингісі жарияланды. 96 мемлекет кірген тізімде Қазақстан 58-ші орынға тұрақтады. Республикамыз Ресей, Украина, Беларусь, Армения және Грузияны арта тастаған. Әзірге көшті Тайвань бастап тұр. Ал алғашқы үздік үштікті Оңтүстік Корея мен Жапония түйіндеген. Мемлекеттер денсаулық сақтау жүйесінің сапасымен қатар, медицина қызметкерлерінің, жабдықтардың, персоналдың, дәрігерлердің және тағы да басқаларының дайындық деңгейі бойынша бағаланыпты. Айта кетейік, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметтерге 73,7 млрд теңге инвестиция бағыттаған.


Алдияр Айтпаев