МТРА жаңалықтары

Өңірде тіркелмеген 20 қару тәркіленді

Өңірде тіркелмеген 20 қару тәркіленді. Соның бірі Қызылжар ауданының 37 жастағы тұрғынына тиесілі болған. Ол 16-шы калибрлі қос ауыз мылтықты моншаның кіреберіс бөлмесінде сақтапты. Заңсыз әрі аса қауіпті дүниені учаскелік полиция инспекторы үй-үйді аралау кезінде анықтап, сараптамаға жіберген. Тіркелген факті бойынша жауап алынды. Ауыл тұрғыны “қаруды өткен жазда шөп шабу кезінде тауып алдым” деп түсініктеме беріпті. Дегенмен, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналған. Бұл бап тұлғаға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді.

Бердимурат Баймухан