МТРА жаңалықтары

Моно және шағын қалаларды дамытуға 25,8 млрд теңге бағытталған

Елімізде моно және шағын қалалардың инфрақұрылымын дамытуға қарқын қосылды. 2022 жылы республика аумағындағы 28 елді мекенде 57 жобаны іске асыру көзделген. Ол үшін 25,8 млрд теңге бөлініпті. 1 тамыздағы жағдай бойынша әкімдіктер 9,2 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 35,8% игерген. Қаражаттың ең аз игерілуі Павлодар және Алматы облыстарында байқалады. Бұл жайлы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Айта кету қажет, ауқымды шаруа “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында атқарылып жатыр. Тың бастаманы іске асыруға 1,8 трлн теңге қарастырылған. Оның 709 млрд теңгесі – бюджеттен тыс қаражат.

Байболат Култанов