МТРА жаңалықтары

Қабылдап-тарату орнына қаңғыбастар 865 рет жеткізілген

Жыл басталғалы полиция қызметкерлері Жұмысшы кентіндегі түнеу орталығына қаңғыбастарды 865 рет жеткізген.

Тұрғылықты жері жоқ жандар баспаналардың жертөлелерінен, жылу құбырлары маңынан, ашық құдықтардан, базарлар мен сапаржайдан жеткізіліпті. Қабылдап-тарату орнына әкелінген адамдар тексерістен өтеді. Олардың аты-жөні жоғалғандар мен іздеу салынған қылмыскерлердің тізімінен қаралады. Құжаттары жоқ жандарға көмек көрсетіледі. Мысалы, қазір мамандар ресейлік азаматшаға құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесіп жатыр. Аз-кем статистикамен бөлісейік. Артта қалған 7 ай ішінде шаһарда 123 тұлға тұрғылықты жері жоқ жандардың есебіне қойылыпты. Олардың жартысынан астамы – 30 бен 44 жастың аралығындағы адамдар.

Дана Ешкенова