МТРА жаңалықтары

Семейдегі жарылыстан зардап шеккендерге сауықтыру кешені салынады

Атом бомбасы жарылысынан зардап шеккендерге арналып сауықтыру кешені салынады. Тың жаңалық Достық үйінде өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.

“Семей полигоны ардагерлері мен мүгедектері” республикалық ұйымы өкілдерінің айтуынша, медициналық мекемелер еліміздің 6 өңірінде бой көтермек. Оған шетелден инвестор тартылып, 6 млрд евро бағытталып отыр екен. Осы ретте айта кетейік, солтүстікқазақстандық ардагерлер алдағы уақытта Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында салынатын сауықтыру кешенінде тыныға алады. Айта кетейік, ресми дерек бойынша кезінде Семей полигонында әскери борышын өтеуге 600-ге жуық солтүстікқазақстандық жіберілген.

ЕРЖАН ДҮЙСЕНБАЙ, “Семей полигоны ардагерлері мен мүгедектері” республикалық ұйымының төрағасы
қаз:6-13/304 “Ардагерлерге сауықтыру мекемелеріне бару үшін мемлекет қаржы бөледі. Бірінші болып азаматтар квотаға тұрады. Қазір еліміз бойынша екі жерге ғана госпиталь бар. Оларға 100 адамнан ғана сыяды. Соған қарамастан бұл мекемелерге Ауған, Тәжік-Ауған, Семей полигонының ардагерлері барады. Яғни, бірі барса, бірі бара алмай жатады”.

Алдияр Айтпаев