МТРА жаңалықтары

СҚО-да ішек инфекциясын жұқтырудың 150-ге жуық жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері өңірде ішек инфекциясын жұқтырудың 150-ге жуық жағдайы тіркелген. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің қызметкерлері бұл ауру қолды жумағандықтан және жеке гигиенаны сақтамағандықтан жұғады дейді.

Мамандардың айтуынша, дертке көбіне 14 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Жаға ұстатарлық мынандай дерекпен де бөлісе кетейік. Биыл өлкеде 2 жасқа дейінгі 44 бүлдіршін жедел ішек инфекциясына шалдыққан. Зерттеу кезінде олардың 62 пайызы – үйде дайындалған тамақтан, ал 30 пайызы жеке гигиенаны сақтамағандықтан ауырып қалғаны анықталған.

Самал Жунусова