МТРА жаңалықтары

Өңір тұрғындары банктерге 42 млрд теңге қарыз

42 млрд теңге. Солтүстікқазақстандықтардың банктерге осынша көлемде қарызы бар.

Ұлттық банктің мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында ел азаматтары 3,6 трлн теңгеге тұтынушылық несие алған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 649,6 млрд теңгеге немесе 21,7%-ға көп. Банктік қарыз беру бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Оңтүстік астанада екінші деңгейлі қаржы ұйымдарында тұтынушылық мақсаттарға деп 1,4 трлн теңгеден астам несие рәсімделген. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. Елордалықтар банктерден 344,4 млрд теңге қарыз алған.

Дана Ешкенова