МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар қайтарымсыз грант ала алады

1 млн 225 мың. Қазақстандықтар осындай көлемде қайтарымсыз грант ала алады.

Тамыздың 8-інен бастап Business.enbek.kz порталында бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады. Грант көлемі 400 АЕК құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Қайтарымсыз қаржы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін дамытуға, өндірісті жолға қоюға және кеңейтуге, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өтінім беру үшін мынадай талаптарды орындау қажет.

Графика

• Порталда тіркелу;

• грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

• бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

• өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Дана Ешкенова