МТРА жаңалықтары

«Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттарына байқау жариялады

«Қазақстан халқына» қоры 2022-2023 оқу жылына арналған қайырымдылық бағдарламасы аясында білім беру гранттарына байқау жариялады.

Стипендияларды тағайындау конкурсы тамыздың 15-іне дейін “Taiburyl.kz” сайтында өтеді. Мемлекеттік қолдау ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу үшін мемлекеттік немесе өзге де грант алмаған жетім балаларға және мүгедек балаларға беріледі. Өтінімдер 10-17 тамыз аралығында талапкер таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына беріледі.

Бердимурат Баймухан