МТРА жаңалықтары

Бейбіт күннің батыры

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Евгений Языков көпірден секіріп кетпекші болған әйел адамды құтқарып қалды.
Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің бас құтқарушысы көлікпен Есіл өзенінің үстінен өтіп бара жатқанда суға секіруге оқталған келіншекті көріп қалады. 32 жастағы нәзікжанды – 4 баланың анасы. Білікті маман тәжірибесі мен жылдам әрекет етуінің нәтижесінде әйел адамды құтқарып қалды және полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Гульден Симбаева