Konstitutsia banner mobile

Спорт

«Qyzyljar» ФК Қазақстан кубогынан қол үзді

Жақында сенсация жасап, айды аспаннан бірақ шығарған жігіттер кеше көңілге селкеу түсірді! Жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы Қазақстан кубогы аясында оралдық «Akzhaik»-тан ұтылды. Осылайша, жарыстан шығып қалды. Елордадағы матчқа тоқтала кетейік. “Астана Арена” стадионында өткен кездесу 0 де 2 есебімен аяқталды. Батыстық аяқдоп шеберлері әр таймда 1 голдан соқты. Есесіне бүгін солтүстікқазақстандықтар Кипрге ұшады. Мұнда алдағы бейсенбі күні Конференция лигасы аясында «АПОЭЛ»-мен күш сынасады. Ал қос ұжым арасындағы қарымта ойын тамыздың 11-іне белгіленген.


Байболат Култанов