МТРА жаңалықтары

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Мамлют ауданының полицейлер жергілікті қоғамдық кеңес өкілдерімен және еріктілермен бірлесе еңбек етіп жатыр. Тараптар жақында бас қосты. Форумда балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықты болдырмау, интернет-алаяқтықтың алдын алу сынды мәселелер талқыланды.

Бүгінде Мамлют ауданында 12 ауылдық округ болса, 2017 жылдан бері соның әрқайсысында қоғамдық кеңес жұмыс істейді.

Қадырбек Исин, Мамлют ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы:
–  Мамлютка қаласында еріктілер мен қоғам бірлестіктерінің бастықтарымен жиналыс өтті. Ең алғашқы мақсат – қылмыстың және алаяқтықтың алдын алу. Бізде қазіргі таңда әрбір аумақта 5 еріктіден бар. Олар қылмысты болдырмау мақсатыңда күнде жұмыс істейді, учаскелік инспекторларға көмек береді.


Байболат Култанов