COVID-19: Қазақстан

СҚО-да коронавирус жұқтырған 12 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру жағдайлары жиілеп барады. Өткен тәулікте тәж вирусына 27 адам шалдыққан. Соңғы екі аптадағы статистика 300-ден асады.
Бұл шілде айының басына қарағанда 3,6 есеге көп. Қазіргі уақытта 41 адам стационарда, 12 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр, ал 200-ге жуығы үйде ем қабылдауда. Ел бойынша бір күнде 2 мыңнан астам адам сырқаттанып қалған. Барлығы – 26 мыңнан астам адам емделіп жатыр. Оның мың жарымы стационарда, 25 мыңнан астамы амбулаторлық ем қабылдауда. Коронавиус жұқтыру жағдайлары елордада көп. Нұр-Сұлтан қаласында бір күнде мыңға жуық адам коронавирусқа шалдыққан.


Самал Жунусова