СҚО-да екі күнде 6 киберқылмыс ашылды

МТРА жаңалықтары

19:23 1 Тамыз 2022

Банк картасының пин-кодын біліп алып, ішіндегі ақшаны жымқырған. Өзге адамның атына несие рәсімдеген. Облыста ақпараттық технологияны пайдалана отырып жасалған 14 қылмыс ашылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері «Anti-fraud» деген атаумен жүргізген жедел-профилактикалық шара барысында 2 күннің ішінде 6 киберқылмысты әшкере етті. Тәртіп сақшылары тұрғындар арасында танымал жарнама сайттары мен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізген. Нәтижесінде бір көлікті үш бірдей қаладан сатқан жалған жарнамалар тапты. Мамандар Instagram-да спорттық киім дүкенінің жалған аккаунтына да кезігіпті. Алаяқтар дүкеннің орнына Петропавлда жоқ мекенжайды көрсеткен. Қулардың құрығына түсіп қалған жандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жедел-алдын алу шарасының нәтижесінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тексеруге әрі бұғаттауға 60 сайт сілтемесі жолданды.


Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстанда 3 жылда 2 мыңнан астам заңсыз көлік құралы тіркелді
Петропавлдағы көпір бір айға жабылды
“Қауіпсіз жаз” жедел-алдын алу шарасы
Биотоғаннан бөлінетін күкіртсутегі көлемі азаяды
Тайыншада егістік күні өтті
Тамыздың 5-і – отандық Медиация күні
Қазақстанда отбасының цифрлық картасы 1 қыркүйекте іске қосылады
Әкімдіктер халықты жұмыспен қамту деңгейі бойынша сын астында қалды
Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдаған
Медициналық мекемелерде тексерістен өтпеген аппараттар қолданылған
Өтініш-арызға жауап беру сапасының рейтингі құрылады
МТРК жаңалықтары 01.08.2022