МТРА жаңалықтары

Қыстың қамын жаз ойла

Қыстың қамын жаз ойла! Тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары қала тұрғындарын көмірді қазірден сатып алуға шақырады.

Себебі, күзде оның бағасы көтерілуі мүмкін. Осы күні Петропавлда қара отын 2 жерде саудаланып жатыр. “Жан” жеке кәсіпкерлігінде 1 тонна Шұбаркөл көмірі – 14 800 теңгеден, ал “ПромИнвестУголь” серіктестігінде Қаражыра көмірі 15 500 теңгеден сатылуда. Қос орынды қоса алғанда бүгінде шаһарда 700 тонна көмір бар.


Гульден Симбаева