МТРА жаңалықтары

Қоқыс жою жұмысы

Өңірлерде заңсыз қоқыс орындарын жою жұмысы жүріп жатыр. Бұл жоспар ел бойынша 36%-ға орындалған.
Осы ретте Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының азаматтары белсенділік танытуда. Өзгелерінде шаруа баяу жүріп жатыр. Экология департаменттерінің мамандары қоқыс жою жұмыстарына жүрдім-бардым қараған 86 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 7 млн теңгеден астам айыппұл салған.
Елдегі заңсыз қоқыс үйінділерінің біразына қатысты мәселе реттеліпті. Ғарыштан бақылау нәтижесінде анықталған 3 жарым мыңға жуық үйіндінің 1200-ден астамы жойылған.


Дана Ешкенова