МТРА жаңалықтары

Ипотекалық несие көлемі өсті

64 млрд теңге. Биыл солтүстікқазақстандықтар осынша сомаға ипотекалық несие рәсімдеген.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін елде тұрғын үй сатып алуға берілген қарыз көлемі 3,9 трлн теңгеден асты. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 3,3 трлн теңге болған екен. Ипотека көп рәсімделген қалалардың бірі – Нұр-Сұлтан. Елордалықтар баспана алуға 1,13 трлн теңгеден астам қаржы бағыттаған. Алматылықтар үйлі болу үшін банктен 889,2 млрд теңгенің қарызын алған. Сондай-ақ, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстары да бұл тізімнің алдыңғы қатарында болса, Түркістан, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстары соңғы жағына жайғасқан.


Дана Ешкенова